Аға туылған күніңмен. Шын жүректен. Саған деген үлкен құрметпен бауырың Касымбек!!! Тіршіліктің қызығына жайраңдап, Күле берші, жүре берші сайрандап. Үлкен-кіші, туыс-туған сүйсініп, Тас, болаттай мінезіңе қайран қап. Таси берсін дариядай дәулетің, Бақыт қонып, жарқырасын сәулетің. Балаларың қызығын көр, ата бол, Өсіп-өніп, өркен жайып әулетің. Қайырым мен мейірімнен жаралған, Кісілік пен ізгіліктен нәр алған. Жан шуағың жылытады жүректі, Күн нұрындай жер-әлемге таралған. Ақкөңілсің, періштесің баладай, Пейілің де мына дархан даладай. Сол мінезің болсын бізге жұғысты, Кедей де өзін сезінші бір шала бай. Ауылдасын ағайынға балаған, Елге сыйлы, жарға адал, балажан. Ата-ана, бала-шаға қамқоры, Бәрімізге қадірлісің жан ағам. Қандай жақсы сендей бауыр болғаны, Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі. Менің үшін зор қуаныш, ұлы той, Жан ағаның мүшел(24) жасқа толғаны. Сағалаған Келес өзен сауырын, Той тойлауда елің-жұртың, ауылың. Жалбарынып Жаратқаннан тілеймін, Саған бақыт, ұзақ ғұмыр, бауырым